Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Құрметті сайлаушылар!

Бүкіл Қазақстан халқының тірегі, ел экономикасының, әлеуметтік тұрмыс-тіршілігінің қайнар көзі «Nur Otan» партиясы кешегі сайлауда өзінің демократиялық ұстанымын тағы да дәлелдеп, саяси аренада өзге партиялардан көш ілгері дауыс алып, жеңіске жетті. Бұл жеңіс – халықтың тілегі. Елімізде жүргізіліп жатқан сындарлы саясаттың, жасалып жатқан әлеуметтік игі істердің жемісі.

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Еліміз тарихтың сан қырлы, аумалы- төкпелі кезеңдерін артта қалдырып, дамудың жаңа бір сатыларына аяқ басты. Жиырма жылдан астам тарихы бар «Nur Otan» партиясы әрдайым халқымызбен бірге.

Биылғы сайлауға қалалық маслихат депутаттығына үміткер ретінде мен де қатысқан едім. Сайлау қарсаңында маған қолдау көрсеткен ұжымдарға, жеке сайлаушыларға, жастарға, белсенділік танытқан аға-бауыр, қарындастарға шын жүректен алғысымды білдіремін! Сайлауға түскен әр үміткерге сенім артқан азаматтарға ықыласым ерекше, алғысым шексіз!

Енді алдымызда тұрған биік мақсат сайлауалды бағдарламаны іс жүзіне асыру, халық алдында айтылған уәдемізді орындау, еліміздің экономикалық, әлеуметтік дамуын жоғары сатыда қамтамасыз ету деп білемін. Алдағы ауқымды жұмысты партия мүшелерімен, мәслихат депутаттарымен бірлесе атқарамыз.

Партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың, ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың біздің алдымызға қойған мақсат-міндеттерін бірлесе атқаруға барлық күш- жігерімізді жұмсап, халқымызды жақсы істерге бастаймыз деген ойдамын.

Партия жеңісі – халық жеңісі! Ендеше жоспарланған игі шараларды орындауға жұдырықтай жұмыла кірісейік!

«Nur Otan» партиясынан Өскемен қаласы мәслихатының депутаты,

«Nur Otan» партиясы облыстық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы,

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры

М.Ә. Төлеген

Қазақ
× You found a Typo