Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Құрметті соғыс және тыл ардагерлері, әріптестер, студенттер!

Баршаңызды Ұлы Отан соғысына 75 жыл толу мерейтойымен құттықтаймын!

Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өсіп, өркендеуі – осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ Отан үшін от кешкен ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Ардагерлерімізге денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін!

Айта кету керек, 1941-1945 жж Ұлы Отан соғысында ержүректік пен қайсарлық көрсеткен 23 жауынгер, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де қызмет еткен. Қазіргі күні, сол майданға қатысқан ардагерлердің ұрпақтары, университетте еңбектенуде және білім алуда.

Бейбіт өмір кешіп жатқанымызға 75 жыл. Балаларымыздың соғыс дегеннің не екенін білмеуі үшін, қолдан келгенімізді аямаймыз. Сондай-ақ, бұл күнге жеткізген ардагерлеріміз туралы естелікті мәңгілік сақтау үшін бар күшімізді саламыз. Олардың ерліктерін ешқашан ұмытпауымыз қажет.

Осынау күні, ең алдымен ашық аспан, бейбіт өмір, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт-береке тілеймін.

Мерекелеріңізбен!

Құрметпен, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген

Қазақ
× You found a Typo