- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Баршаларыңызды бірінші қыркүйек - Білім күнімен құттықтаймын! Жаңа оқу жылы жаңа ашылулар мен жобалар әкелсін, әрбір күндеріңіз жарқын сәттерге, табысқа толы болсын.
Оқуға деген ынталарыңыз артып, көздеген мақсаттарыңызға жетулеріңізге тілектеспін.
Әрбір істеріңізге сәттілік, дендеріңізге саулық, оқуларыңызға табыс тілеймін!
Оқыңыздар, талпыныңыздар, армандаңыздар, еңбектеніңіздер, сеніңіздер және жеңіске жетіңіздер! Мейрам құтты болсын!
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген