Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Құрметті студенттер, әріптестер!

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 коронавирусын індет ретінде тануы себепті 2020 жылдың 16 наурызынан 15 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдайдың жариялануына байланысты, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша алдын алу шараларын өткізу үшін студенттер оқуы мен оқытушылар жұмысының арнайы режимі туралы хабарлаймын.

16 наурыздан бастап С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Жоғары колледждің білім алушылары қашықтан оқытуға көшіріледі.

Қашықтан білім беру технологиялары қолданылатын білім беру үрдісі қашықтан оқыту порталы арқылы, университеттің ресми сайтындағы (www.vkgu.kz) eUniver білім беру порталы арқылы іске асыралады.

Студенттер өз үйлерінде немесе Студенттер үйлерінде интернетті қолдана отырып, қашықтан оқытылады.

Оқытушылар студенттермен интернет арқылы қашықтан жұмыс істейді.

ЖОО-ның білім беру порталдарында цифрлық нұсқадағы оқу контенті (силлабустар, дәрістік кешендер, тәжірибелік, семинарлық сабақтарды орындауға арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар тізімі, бейнедәрістер және басқалар) орналасқан, білім алушылар мен оқытушылардың университеттің барлық электронды ресурстарына қолжетімділігі қамтамасыз етілген, аудио және бейне конференцбайланыс жүйесі және виртуалды чат арқылы кеңес беру үшін кері байланыс орнатылған.

Карантиндік шаралар кезінде студенттерге адамдар шоғырланатын көпшілік орындарға баруға тыйым салынады!

Мұнымен қоса, университетте барлық спорттық, көңіл көтеру және өзге де бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді.

Баршаларыңызды гигиена талаптарын қатаң орындауға, сабырлық сақтауға, дүрбелеңге салынбауға, қауесет таратпауға шақырамын, барлық ақпарат С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ресми сайтында және университеттің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында орналасқан.

БАРЛЫҚ ТУЫНДАҒАН СҰРАҚТАР БОЙЫНША С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚМУ-дың CALL-ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ:

ЭжҚФ деканаты: 8 (7232) 252-444;

ТФжХҚФ деканаты: 8 (7232) 540-585;

ЖҒжТФ деканаты: 8 (7232) 226-166;

ППжМФ деканаты: 8 (7232) 752-364, 752-649;

Қашықтық технологиялар бөлімі: 8 (7232) 541-493 (қашықтан білім беру порталы);

Ақпараттық-техникалық қамту және цифрландыру орталығы: 8 (7232) 540-316 (eUniver порталы).

Электронды порталға жауаптылар:

Ділдебай Балғын - Ақпараттық-техникалық қамту және цифрландыру орталығының жетекшісі: dyldebayb@gmail.com, 87052662188 (eUniver порталы);

Құдайбергенева Әсемгүл Ескендірқызы - AKudaibergeneva@vkgu.kz, 87715470011 (қашықтан білім беру порталы).

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген

Қазақ
× You found a Typo