Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – күн мен түннің теңескен шағы, жаңарудың, жаңғырудың нышаны. Көктем мейрамы – Наурыздың келуі өміріміздегі жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Барлық ауыртпашылық пен қайғы-мұң артта қалады, көктемнің шуақты күні жан жадыратар жылуын шашып, Табиғат-Ана құлпыра түседі, жанданады. Адамзат өзін қоршаған әлеммен бірге тіршіліктің келесі буынына қадам басады.
Осынау бір жаңару мерекесі бәрімізге тек бақ-береке мен ырыс-құт сыйласын! Әрбір күнімізге ризашылық білдіріп, бір-бірімізге қамқор әрі мейірімді болайық!
Барлықтарыңызға мықты денсаулық, оқу мен еңбекте толағай табыс пен жаңа жетістіктер және молшылық тілеймін!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор М.Ә. Төлеген