Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Құрметті түлектер! Сіздерді дипломдық жұмыстарды табысты қорғауларыңызбен және университетті аяқтауларыңызбен құттықтаймын!

Сіздер өз өмірлеріңіздің жаңа кезеңіне қадам басып отырсыздар, онда емтихандар болмайды, бірақ ең қатал емтихан алушы болады, ол – өмір. Университетте алған білім сіздерге жұмыста, ал дағдылар – кәсіби қабілеттерді дамытуда көмектеседі деп үміттенемін.
Сіздер білім алған жылдар ішінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың даңқты тарихи беттеріне енген көптеген жарқын әрі маңызды оқиғалар болды. ШҚМУ Польшада жастарға арналған «Абай» мәдени-білім беру орталығын ашты, жоғары оқу орнында Археология және Алтайдың мәдени мұрасы музейі, «PARASAT» студенттерге қызмет көрсету орталығы, «SANALY URPAQ» фронт-кеңсесі, Латын графикасы орталығы, «Рухани жаңғыру» гуманитарлық және саяси зерттеулер орталығы, «Беттік инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығы, «ALTAI JASTARY» медиаорталығы, А. Трунов атындағы студенттік фитнес-орталығы ашылды.
Сонымен қатар, ШҚМУ-да Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра, Ж. Ахмеров атындағы цифрлық гуманитаристика кабинеті, ШҚМУ-дың тұңғыш ректоры, ЖОО-ның құрметті профессоры, химия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Е.Ә. Мәмбетқазиев атындағы жалпы химия дәрісханасы, Абай және Т. Әшімбаев атындағы кабинеттер, жаңа форматтағы қабылдау комиссиясының фронт-кеңсесі ашылды, «G-Global» алаңындағы Экономикалық және құқықтық зерттеулер орталығы, робототехника кабинеті, IT-кабинеттер жаңа құралдармен жабдықталды.
Көптеген студенттер қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадаларда, конкурстарда, жарыстарда жеңістерге жетті. Біздің спортшы-студенттер Қазақстанның, Азияның және әлемнің чемпиондарына айналуда. ШҚМУ командасы ел ЖОО-лары арасындағы X қысқы универсиадада бірінші орын алды. «ТМД-ның үздік студенті – 2019» атағына ШҚМУ-дың бірден үш өкілі ие болды.  Студенттік көктем қала және облыс деңгейінде 1-ші орын алып, университет мәртебесін биікке көтердіңіздер! Бұл – біздегі дарынды студенттер жеңістерінің аз ғана бөлігі, олардың ішінде бүгінгі түлектер, яғни сіздер де барсыздар!
Біздің көптеген түлектер бүгінде танымал ірі компанияларда, мемлекеттік мекемелерде, оның ішінде министрліктерде де жұмыс істеп жүр. Осы жылғы біздің түлектер де жақсы жұмыс тауып, өмірден өздерінің лайықты орындарын табарына сенімдімін! Дамуда ешқашан тоқтап қалмауды, кәсіби тұрғыда ұдайы өсуді, барлық бастамалар мен салада табыстарға жетуді тілеймін!
Университет қабырғасынан шыққан соң түлеп ұшқан білім ордаларыңызды естен шығармаңыздар! Ақ жол!
 С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор М.Ә. Төлеген
Қазақ
× You found a Typo