Сіздерді университетті аяқтап, диплом алуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Оқу орнында білім алған жылдар, курстас достармен бірге өткізген көңілді де қызықты студенттік күндер артта қалып барады, бірақ алда сіздерді жаңа әрі жауапты ересек өмір күтіп тұр!
Еңбектеріңізге мол табыс, арман-тілектеріңіздің орындалуын тілеймін, ең батыл деген ой-жоспарларыңызды іске асыруға ұмтылыңыздар, сонда ғана болашақтарыңыз баянды болмақ. Тайсалмай, талмай, алға қарай нық қадам баса беріңіздер және ешқашан артқа шегінбеңіздер!
Ақ жол!
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Төлеген