Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Құрметті әйелдер, әріптестер, білім алушылар, ардагерлер, түлектер!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Біздің ұжымның 70 пайызын әйел азаматшалар құрайды, яғни университеттің жартысынан көбі – студенттерді, магистранттарды, докторанттарды оқытып, еліміз үшін сапалы мамандар даярлауға, университеттің дамуына үлкен үлес қосып жүрген асыл жандар.    

Біздің қыз-келіншектер ақылды да дана, белсенді де іскер, жігерлі әрі қайратты, шығармашылы және бастамашыл – олар әйел-ғалымдар, әйел-оқытушылар, әйел-басшылар, ЖОО қызметкерлері, сондай-ақ аруларымыз – студенттер, магистранттар, докторанттар.

Олардың көпшілігі ғылымда, жұмыста орасан зор жетістіктерге жетіп жүр, елімізде және өзге мемлекеттерде танымал.

Бүгінгі таңда өмірдің түрлі саласында еңбек етіп, жоғары білікті мамандар, ірі кәсіпорындардың белгілі басшылары, қоғам қайраткері, ғалым, педагог, журналист, әртіс, спортшы болып жүрген түлектерімізді құттықтаймын!

Ардақты аналар, аяулы арулар, Сіздерді көктем мерекесімен құттықтаймын!

Баршаларыңызға жұмыс пен оқуда табыс, жаңа шығармашылық жеңістер, барлық жоспарлар мен жобалардың іске асырылуын тілеймін!  Сіздерге денсаулық, отбасылық бақыт, жақын жандардың сүйіспеншілігін, жылулық пен шаттық, амандық пен бейбітшілік тілеймін!

С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор М.Ә.Төлеген

Қазақ
× You found a Typo