Қарашаның 1-і күні Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасында 1 курс студенттерін қабылдау кеші ұйымдастырылды.
Шараның ашылуында кафедра меңгерушісі Ж.З. Жантасова 1 курс студенттерін «студенттік өмірге» қадам басуларымен құттықтап, өзінің студенттік шағындағы естеліктерімен бөлісті.
Кеш «Тимбилдинг» сайысы түрінде өтті. Сайыс интеллектуалды ойындар мен спорттық ойындарды қамтитын 6 кезеңнен тұрды. Сайысты кафедраның 2, 3 және 4 курс студенттері ұйымдастырып, шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысты. Жалпы ұпай саны бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізген «Жасұлан» тобына І дәрежелі диплом мен сыйлықтар табысталды. Ал төмен жинаған топтар сәйкесінше ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
«Тимбилдинг» сайысы қызықты әрі тартысты өтті. Сайыс соңында 1 курс студенттері алған жағымды әсерлерімен бөлісті.