Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қымбатты ханымдар, аяулы арулар!

Университетіміздің бүкіл ер азаматтары атынан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған шынайы құттықтауымды ерекше разылықпен жолдаймын!

«Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» дейді дана халқымыз. Расында да бүкіл әлем аналарымызға, еңбекқор және жасампаз әйелдерге, бейбітшілік пен тыныштықты бейнелеуші мейірімді жандарға арқа сүйейді. Сіздердің бойларыңыздан табылатын даналық, кәсібилік, білім мен тәжірибе Жер бетіндегі өмірге нәр беріп отыр. 

Осы бір наурыздың жаймашуақ күндері жағымды жаңалықтарға толы болсын, жүректеріңізге ыстық сезім ұяласын, ал үйлеріңізде жылулық пен жайлылық салтанат құрсын.

Әсемдік пен әдеміліктің осы бір ерекше мерекесі баршаларыңызға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, еңбектеріңізге толағай табыс, өмірлеріңізге үйлесім мен береке алып келсін.

Сіздерге бақыт, тұрақтылық, махаббат, денсаулық, өсіп-өркендеу тілеймін, қымбатты ханымдар!

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген

Қазақ
× You found a Typo