Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қымбатты әріптестер, студенттер, достар!

Сіздерді мерейтоймен, біздің ортақ мерекемізбен – университеттің 65 жылдығымен құттықтаймын!

Өскемен педагогикалық институты/С. Аманжолов атындағы ШҚМУ профессорлық-оқытушылық құрамының қызметі уақыт сынынан өткен, ал әрқайсыңыздың кәсіби шеберлігіңіз университеттің ары қарайғы табыстылығының сенімді кепіліне айналып отыр.

Біз ертеңгі күнге сеніммен қараймыз, алдымызға үлкен мақсаттар қоямыз, деңгейімізді төмендетпейміз. Бүгінде ШҚМУ-да заманауи білім беру технологиялары және келешегі зор жобалар іске асырылуда, біздің іскерлік байланыстарымыз, оның ішінде түрлі елдердің жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастығымыз нығаюда, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың аса ірі рейтингтік компаниялардағы рейтингтік бағасы ұдайы көтеріліп келеді, жоғары оқу орнына түсуші талапкерлер саны жыл сайын өсуде.

Осының бәрі – біздің ұжымның күн сайынғы жұмысының нәтижесі. Біздің қызметкерлер жаңа білімдерді игеру және озық тәжірибелерді меңгеру мүмкіндіктерін қалт жібермей келеді.

Біздің шығармашылық қуатымыз ШҚМУ болашағы үшін мықты іргетас құруға, ортақ іске бағытталуы тиіс.

Сіздерге бақ-береке, тұрақтылық және өсіп-өркендеу тілеймін! Қажырлы еңбек пен ыждаһатты оқу сіздерге экономикалық қорғаныш сезімін ғана емес, сонымен қатар шығармашылық ләззат сыйласын дегім келеді!

Жұмыста және оқуда жаңа биіктерді бағындыра беріңіздер! Мерейтой құтты болсын!

Ә.У. Қуандықов,

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры 

Қазақ
× You found a Typo