- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Астана тәуелсіз Қазақ елінің символына айналды. Елордамыздың 20 жылдық мерейтойы – әрбір қазақстандық үшін айырықша құнды жалпыхалықтық мереке.
Астана рухани жаңғырудың, ауызбіршілік пен ұлттық ұйысудың діңгегіне, жасампаз істер мен ұлы жеңістердің айғағына, сонымен қатар халықаралық саяси-мәдени әрі экономикалық пікіралмасулар алаңына айналды. Айталық, Астанада өткен халықаралық ЭСКПО-2017 көрмесі Қазақстанның абырой-беделін тағы бір мәрте паш етті.
Бас қаламыз күн сайын өркендеп, қайталанбас бірегей ғимараттармен толыға түсуде.
Құрметті әріптестер!
Астананың 20 жылдық мерейтойына байланысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар! Бейбітшілік пен Келісімнің символына айналған жас елордамыз күннен-күнге өсіп-өркендей берсін! Баршаларыңызға бақыт пен береке, шығармашылық шабыт, еңбектеріңізге жаңа табыстар мен тың идеялар тілеймін! Мерекелеріңізбен! Астана күні құтты болсын!
М.Ә. Төлеген,
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры