Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қымбатты студенттер, оқытушылар, ата-аналар!

Сіздерді Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін салтанатты әрі маңызды күн – тың жаңалықтарға және кемел білімге жол ашар күн. 

Дүниеде жаңаны танудан, оқудан, шығармашылықпен және ғылыммен айналысудан керемет ештеңе жоқ, себебі білім адамды күшті, ақылды, салиқалы, табысты ете түседі, жаңалық енгізуге, ғылым құпияларын ашып, ақиқатты тануға көмектеседі. 

Студенттік шақ... Бұл кез келген адамның өміріндегі ең тамаша кезең шығар. Жыл сайын біз білім қорымызды байытамыз да, сол қорды бүкіл ғұмыр бойы кәдеге жаратамыз. Сіздерге университет қабырғасында жүріп, осында өз өмірлік жолдарыңызды табуға тілектестік білдіремін! 

Алдағы оқу жылында күш-қуаттарыңызды аямай, табандылық пен шыдамдылық танытып, терең білім алуға, жаңа жетістіктерге жетуге тырысыңыздар. Жаңа оқу жылының әр күні жарқын және табысты, қызықты әрі есте қаларлық шараларға толы болсын!

Баршаларыңызға мықты денсаулық, үлкен сәттілік, шығармашылық жетістіктер мен жаңа жеңістер тілеймін!

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген

Қазақ
× You found a Typo