- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
27 қаңтар күні тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімінің маманы Айтуғанова А. және халықаралық клуб мүшесі Қадылбек А. университетімізге академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келген Іле Педагогикалық университетінің студенттерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтап барды.
Қытай жыл санауының көне есебі бойынша жеткен бұл жаңа жылды Қытай студенттері салт-дәстүрлері бойынша шет елде жүрседе қарсы алуда.
Сөз барысында студенттер бұл мейрамда жаңа киім және өз елдерінде мерекелік киімдерімен, яғни қызыл киіммен қарсы алатынын айтты. Және теріс жазылған"бақыт" сөзінің мағынасын түсіндіріп берді. Кештері көңілді өтіп жатты, бізде жақсы тілектерімізді білдіріп қайттық.
Шет елден келген студенттеріміз осы қуаныштарын бірге тойлап, құттықтағанымыз үшін өз алғыстарын білдірді. Оқу ордамызда болған бұл мейрам, шет елден келген студенттеріміздің есінде мәңгілік қалады деген сенімдеміз.
А.Қадылбек, «математика» мамандығының 1 курс студенті