Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қытайдың Алматыдағы бас консулы Чжан Вэй ШҚМУ-да болды

Қытайдың Алматыдағы бас консулы Чжан Вэй қытайлық делегациямен бірге С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да болып, ректор М.Ә.Төлегенмен және университетте оқып жатқан қытайлық студенттермен кездесті.

– Біз былтыр желтоқсанда Қытайдың көршілес Шыңжаң-Ұйғыр атономды районында болып, бірнеше оқу орнына бардық, бізде бірлескен жобалар көп, мәселен Іле педагогикалық университетінен, Цинхуа университетінен жылына 40 шақты студент бізге келіп оқиды. 15 студентіміз Қытайда білім алуда. Енді Хэбей, Цинхуа университеттерімен және Синьцзян педагогикалық университетімен кездесулер өткізуді жоспарлап отырмыз. Қытайлық студенттер біздегі халықаралық қатынас, тарих, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі мамандықтарына қызығушылық танытады. Бізде қытай тілінің оқытушылары бар. Әріптестікті дамытуға әзірміз, – деді ШҚМУ ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген.

– Бұл кездесу – ынтымақтастықтың басы ғана. Жас ұрпақты бірлесе тәрбиелеу керек. Облыс әкімімен жолыққанда гуманитарлық қарым-қатынастарды сөз еттік. Екі елдің ынтымақтастығы дамыған сайын түрлі саладағы мамандар да қажет болады. ШҚМУ сынды іргелі оқу орнында білім алу – қытайлық студенттер үшін үлкен мүмкіндік, – деді консул.

ШҚМУ-да оқып жүрген қытайлық студенттермен кездескен бас консул оларға сәттілік тілеп, естелік суретке түсті.

Облыс әкімімен жолыққанда бас консул Қытай мен Қазақстан университетерінің альянсын құруды ұсынғанын айтты.

1-6 сәуірде ШҚМУ делегациясы ШҰАР-ға барып, сондағы жоғары оқу орындарымен байланыс орнатпақ.

Туризм мен мәдениет саласындағы қазақ-қытай байланыстарын дамыту мақсатында Өскеменде алғаш рет мәдени-туристік көрме ұйымдастырылуда. Оған 15 ірі қытайлық туристік компания қатысып отыр. Көрме 26 ақпан мен 26 наурыз аралығында облыстық мұражайда (Горький к., 59) өтеді.

ШҚМУ студенттері осы көрме жұмысына еріктілер ретінде атсалысуда.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo