Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қытайлық студенттер білімдерін шыңдауда

Сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына Пекин қаласындағы Орталық ұлттар университетінің 3 студенті білімдерін жалғастыруға келді.

Академиялық ұтқырлық қазіргі заманғы білім берудің ажырамас бөлігі екендігі белгілі. Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінде түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыруға аса мән беріледі. Факультетте академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуды жүзеге асыру Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарымен, алыс және жақын шетелдердің университеттерімен халықаралық ынтымақтастық келісімі аясында жолға қойылған.

Қытайлық студенттер өздерінің ШҚМУ қабырғасында өтіп жатқан күндеріне риза екендіктерін білдірді.

Ақберді Отанұлы:

– Бізге кафедра оқытушыларының дәрістері, сабақта қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдері, студенттермен қарым-қатынасы ұнады.

Жігер Ербол:

– Біз «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттерімен танысып, тез тіл табысып, түрлі мәдени шараларға қатысып, қаланың көрікті жерлеріне де барып үлгердік.

Марфуға Әбдіқайымқызы:

– О. Бөкей атындағы қалалық кітапханаға, университеттің оқу залына үнемі барып тұрамыз. Тұрып жатқан №4 студенттер үйі бізге қатты ұнады. Ауа-райына да үйреніп қалдық.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттердің өзара тиімді халықаралық байланыстар орнатуына, тәжірибе алмасуына, тілдік даярлығын шыңдауларына университетте көп мүмкіндіктер жасалған.

Қарлығаш Барбосынова,

мамандық эдвайзері

Қазақ
× You found a Typo