Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Әл-Фараби атындағы университет оқытушысы ШҚУ магистранттарына арнап дәріс өткізді

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша 1 курс магистранттары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия кафедрасының оқытушысы Л.В. Тұрарбекованың ашық онлайн дәрістеріне қатысты.

Ағымдағы семестрде Еуропалық одақтың Jean Monnet «Digital Humanities in the Republic of Kazakhstan: local Solutions for Global Problems» гранттық бағдарламасының халықаралық ғылыми-білім беру жобасын іске асыру шеңберінде С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да Шет тілі және аударма ісі кафедрасының қолдаумен «Шет тілі: екі шет тілі»  1 оқу жылы магистранттары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия кафедрасының оқытушысы Л.В. Тұрарбекованың ашық дәрісіне қатысты.

Жобаны С. Аманжолов атындағы  Шығыс Қазақстан университетінің қатысуымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  іске асыруда. 

Тыңдаушылардың пікірінше, дәрісте қазіргі қоғамның өзекті мәселесі – цифрлық сауатсыздық пен цифрлық теңсіздік қозғалды. Сонымен қатар, қазіргі заманғы мәдениет пен білім берудің цифрлық көзқарасының тренді белгіленді. Магистранттар гуманитарлық білім алудағы жаңа компьютерлік әдістер мен цифрлық тәсілдердің маңыздылығын, тыңдаушылардың IT дағдыларын игеру және коммуникациялық мүмкіндіктерін кеңейтуді бағалады.

Сонымен қатар, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті осы жоба аясында дәріскерлердің дәрістері мен пікірталас алаңдарын өткізуді жоспарлап отыр.

    Халықаралық ынтымақтастық және шетелдік студенттерді тарту бөлімі

Қазақ
× You found a Typo