Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Латын графикасына негізделген қазақ әліпби жобаларына тілтанымдық талдау» атты ғылыми-әдістемелік семинар отырысы өтті

Елімізде латын графикасына көшу - саяси жағынан да, ғылым-білім тұрғысынан да, заман талабына сай даму үшін де өте маңызды. Латын әліпбиіне көшу - өмірдің қажеттілігі, әлемдік бәсекеге қабілеттілік мәселесі. 

 Қазіргі күні С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті латын әліпбиіне көшуге бағытталған дайындық жұмыстарын бастап кетті. Арнайы филолог мамандардан тұратын жұмыс тобы құрылып, латын әліпбиінің болашақтағы ғылыми, рухани маңызы туралы бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбаттар беріп, телевидение, бұқаралық желілер арқылы өз үндерін қосып насихаттау үстінде.

Әліпби ауыстыру, бұл - ұлтымыздың тарихындағы ең маңызды оқиға болып табылады. Сондықтан осындай мемлекеттік маңызы бар іске үлкен жауапкершілікпен қарағанымыз жөн.  Сол жауапты іске белсене кіріскен қазақ тілі мен әдебиетінің профессор оқытушы мамандары 15 қыркүйек күні «Латын графикасына негізделген қазақ әліпби жобаларына тілтанымдық талдау» атты ғылыми-әдістемелік семинар отырысын өткізді. Семинар отырысын жүргізген ф.ғ.к., доцент А.Ә.Әлімхан латын графикасының қажеттілігін, болашақ үшін маңызын түсіндіріп, семинар отырысының мақсатымен таныстырды. Семинар барысында ф.ғ.д. А.Картаева, ф.ғ.к., доцент Б.Бияров, ф.ғ.к., доцент А.Айтмұқашова, ф.ғ.к., доцент Л.Н.Демченко, филология магистрі Ж.Қайырбаева латын графикасына негізделген қазақ әліпби жобаларына тілтанымдық талдау жасап, өз ойларын ортаға салды. Семинар отырысына «Менің өлкем», «Мой город» газеттерінің тілшілері қатысып, сұхбат алды.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo