- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжі студенттеріне латын графикасына негізделген қазақ жазуы емлесінің негізгі ережелерінің жобасын таныстырып, талқылауға арналған шара өтті.
Іс-шарада «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс магистранты Ж.Қажыбаева жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттарымен, емле ережесі жобасының құрылымымен, жаңа емледегі жаңалықтар, оның ішінде дефиспен жазылатын сөздердің емлесімен, шеттілдік сөздерді таңбалаудың ерекшеліктерімен т.б. таныстырды.
Жұмыс барысында студенттер жаңа емле ережелері туралы, шеттілдік сөздердің, жалқы есімдер мен терминдердің жазылуы туралы мәселелерді талдап, ойларын ортаға салды.
Қазақ жазуы және латын графикасы орталығы