Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Латын әліпбиі – заман талабы

26 қазан күні облыстық Пушкин атындағы кітапханада Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхананың сирек қорындағы латын қарпіндегі әдебиеттерден көрме өтті. 

Шара Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған кириллица негізіндегі қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру бастамасына арналған бағдарламалар аясында өтіп отыр.

Семейлік әріптестеріміз өздерінің алтын қорындағы латын қарпінде баспа көрген сирек басылымдардан «Латын қарпіндегі басылымдар Абай атындағы кітапхананың сирек қорында»- деген атпен біздің оқырмандарымызға сирек кітаптар көрмесін ұсынды. 
Сондай-ақ, осы тақырыпта слайд көрсетілімі мен кең көлемді библиографиялық шолу ұсынылды. 
Латын қарпіндегі сирек кітаптар көрмесінен жоғарыда аталған ғылымның барлық саласынан қазақ елінің сол тарихи кезеңдегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік өмірінен ақпарат беретін ұлт зиялыларының зерттеулері, ғылыми еңбектері көрініс табады. Ғылым салаларындағы әдебиеттер Қ.Басымұлының, Қ.Жұбановтың, Т.Шонановтың, Ұ.Құлымбетовтың, Т.Арыстанбековтың, А.Маметовтың, А.Сейітовтың, Ә.Ермековтың, М.Әуезовтың еңбектерімен көрініс табады.
Көркем әдебиет Абай Құнанбайұлының 1936 жылы Р.Жаманқұловтың редакторлығымен баспа көрген «Таңдамалы өлеңдерімен» басталып, жыр алыбы Жамбылдың М.Қаратаевтың жауапты редакторлығымен «Жамбылдың өлеңдерімен» (1937) жалғасып, Қ.Әбдіқадыровтың «Сатпаев», «Салмақпай» деген бүркеншік есімімен жариялаған Ж.Сәрсековтың «Тоқсаны» (1936), С.Сейфуллиннің «Қызыл ат»(1934) поэмасы, С.Мұқановтың «Ақ аю» (1935), Д.Әлімбаевтың «Толғау» (1941), Еркімбеков Дүйсенбектің «Шымыр»(1939), Қ.Аманжоловтың "Өмір сыры"(1938), Ә.Әбішевтің «Армансыздар», (1938), Қ.Тайшықұлының «Октябрь ұшқыны»(1935), М.Дәулетбайұлының «Қызылжар»(1935), С. Шәріповтың «Бекболат»(1937), Тайыр мен Меллаттың «Ұлан даусы»(1934), «Қазақ ақындарының өлеңдері» (1937) жинағы сынды әдебиеттерден тұрды. Бейімбет Майлиннің «Азамат Азаматыч» (1934) романы мен «Романовтардың соңғы күндері»(1932) - атты П.М.Быковтан аудармасы жатады. І.Жансүгіровтің Таңқыбай деген бүркеншік есіммен жазған «Құқ» фельетондар жинағы, Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл ат»(1934) поэмасы көркем әдебиетімізді толықтырады. Көрменің татар тіліндегі басылымдар бөлімінен татар ұлтының зиялысы, қазақ елімен, ұлт зиялыларымен тығыз қатынаста болған Ғалымжан Ибрагимовтың шығармалары да көрмеден орын алды.

Көрмемен танысуға қаламыздағы жоғарғы оқу орындары мен колледждерінің студенттері, оқытушылар, мәдениет саласының мамандары, жерлес жазушылар келді.

 Кездесу соңында Абай атындағы кітапхана мамандары "Кітапханаға латын қарпінде кітап сыйла" акциясының жарияланғанын айтты. Сондай-ақ, қазіргі уақытта кітапханаларында сирек кездесетін әдебиеттерді цифрлық форматқа аудару жұмысының қолға алынғанын, сирек қордағы 4000-нан астам кітаптың 200-ден астамы латын алфавиті екенін айтып өтті. Бұл кітаптардың барлығы  ғаламтор кеңістігінде әлемдік қоғамдастыққа ұсынылатын болады.

А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

 

 

Қазақ
× You found a Typo