Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Латын әліпбиіне көшу –келешек үшін кемел білімнің кепілі»

Сіздер мен біздер, яғни 80-жылдардың жастары  еліміздің тарихында болып жатқан ең елеулі, басты оқиғаларына тек қана куәгер болып қана қоймай, бірге жасап, біте қайнаған ұрпақтың өкілдеріміз.

Оған мысалы ретінде бүгінгі замандастарымыздың жанын құрбан етіп қолымыз жеткен  тәуелсіздік, еліміздің экономикасын, мәдениетін басқа елдермен терезесі тең мемлекет ретінде құру міндеті, бүгінгі білім саласында жасалып жатқан көптеген реформаларды жүзеге асыру. оның ішінде үш тілділікті дамытудың мемлекеттік кешендік бағдарламасын орындау, рухани жаңғыруды жүзеге асыру мәселелерін атауға болады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады. Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз...» деп атап көрсеткен еді. Рухани жаңғыру аумағындағы Елбасы атап көрсеткен маңызды шаралардың бірі- латын әліпбиіне көшуді- дәлірек айтқанда қайта оралуды жүзеге асыру –  тарихтың тағы да біздің арқамызға артқан жауапкершілігі зор ауыр жугі деп білемін.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары мен оқытушылары, студенттері де бұл мәселені кеңінен талқылап, игі бастаманы жүзеге асыруға құлшына кірісуде. Оған осы кезде пәрменді түрде атқарылып жатқан ауқымды ісшаралар-дөңгелек үстелдер, семинарлар мен конференциялар, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жатқан университет оқытушылары мен студенттерінің сұқбаттары мен мақалалары дәлел.

Елімізде латын графикасына көшу - ұлтымыздың тарихындағы ең маңызды оқиға болып табылады. Сондықтан осындай мемлекеттік маңызы бар іске үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін аталмыш оқу орнының ұжымы терең түсінгендей. Сол жауапты іске белсене кіріскен қазақ тілі мен әдебиетінің профессорлық – оқытушылар құрамы 15 қыркүйек күні «Латын графикасына негізделген қазақ әліпби жобаларына тілтанымдық талдау» атты ғылыми-әдістемелік семинар отырысын өткізді.  Семинар барысында отырыс модераторы ф.ғ.к., доцент А.Ә.Әлімхан латын графикасының қажеттілігін, болашақ үшін маңызын түсіндіріп,  ф.ғ.д. А.Картаева, ф.ғ.к., доцент Б.Бияров, ф.ғ.к., доцент А.Айтмұқашова, филология магистрі Ж.Қайырбаева латын графикасына негізделген қазақ әліпби жобаларына тілтанымдық талдау жасап, өз ойларын ортаға салды.

Семинарда қарастырылған мәселелерді талқылай отырып, ғалымдар университет көлемінде жүзеге асырылатын негізгі ісшараларды нақтылап, төмендегідей маңызды  шешімдер  қабылдады:

-        Латын графикасының болашақ үшін маңызын, рухани қажеттілігін халыққа, көпшілік ортаға насихаттау түсу;

-        Студенттерді қазақ жазуының тарихымен таныстыру;

-        латын әліпбиіне көшуді көпшілікке насихаттап, алдын-ала психологиялық даярлау жұмыстарын жүргізу;

-        әліпбидің ұсынылып отырған нұсқаларын таңдап, талқылап, халыққа түсінікті оңтайлы қарапайым әліпбиін таңдауды қолдау;

-        әліпби бекітілген соң, мектеп мұғалімдері мен мемлекеттік қызметшілерді, барлық сала кадрларын оқыту, іс жүргізуді үйрететін қысқа мерзімді курстар (онлайн семинарлар, вебинарлар) ұйымдастыру).

-        латын графикасына көшу мәселесіне арналған семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу;

-        қазақ жазуының жаңа әліпбиі негізінде географиялық атаулар мен кісі аттарын таңбалаудың ғылыми  принциптерін айқындау;

-        латын әліпбиіне негізделген іс қағаздарының анықтамалығын ұйымдастыру (соның ішінде электронды) т.б.

Бұл шешімдер алдағы уақытта осы орайда атқарылатын шараларды жүзеге асыруда басшылыққа алынбақ.

5-казанда университетте «Латын графикасы ұлттық жаңғырудың жарқын болашағы» тақырыбына өткізілген облыстық ғылыми-әдістемелік семинарда университет ұжымы Елбасы бастамасын бірауыздан қолдай отырып, латын әліпбиіне көшудің жас ұрпаққа берері не деген мәселе төңірегінде ой қозғап, қызу пікір таластырды.

Ең алдымен латын әліпбиіне көшудің рухани дамуға қозғау салатынын,  қазақ тілінің жаһандану заманында басқа тілдермен терезесі тең тіл ретінде дамуына ықпал ететінін айта кеткен жөн . Жалпы латын әліпбиін дүние жүзі халқының 80 пайызы  қолданады екен. Яғни латын әліпбиі жаhандану заманында өркениетке біртабан жақындау, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруына,ғылым мен білімнің даму үрдісінен көш соңында қалып қоймауына әсер етіп қана қоймай, қазақ тілінің  басқа тілдермен иық тіресіп, халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады.

Латын әліпбиіне көшу–уақыт талабы, заман талабы, бәсекеге қабілеттіліктің алғышарты.  Бұл ең алдымен мәдени тілдік фактор. Сондықтан оған ешқандай саяси реңк беріп, астар іздеудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Бұл дегеніміз орыс әлемінің ықпалынан құтылып, түркі әлеміне бет бұру да емес.

Бұл түбегейлі мәселе. Казақстан Ғылым Академиясының Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директорының орынбасары Анар Фазылжанова ханымның пікірінше «кирил әліпбиі қазақ тілінің дыбыстық тілдік  ерекшеліктерін толық мәнінде бере алатын әліпби емес, одан гөрі қазақ тілінде орысша жаз деп тұратын әліпби» болып отыр.  Яғни латын әліпбиіне көшу- бай тіліміздің қаймағын бұзбай, тілдік, дыбыстық ерекшеліктерін сақтай отырып ,  келер ұрпаққа жеткізуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

 Біз алдымен келешек ұрпақтың қамын ойлауымыз керек. Латын әліпбиі қазір қарқынды дамып жатқан әлемдік ақпараттар кеңістігіне енудің, оған тез бейімделудің тиімді де оңтайлы жолы дер едім. Сонымен қатар әлемдік деңгейдегі білім кеңістігінде еркін қимылдау үшін жас ұрпақты оған бейімдеп, бірнеше тілде еркін сөйлеуі үшін де қажетті төте жол да латын әліппиі болып табылады. Өйткені компьютердің пернетақтасының құлағында ойнайтын жастар үшін латын әліпбиін үйрену айтарлықтай қиындық туғыза қоймас. Керісінше, шет тілі маманы ретінде латын әліпбиі қазіргі заман талабы –кемел білім алудың, шет тілдерін үйренуді біршама жеңілдететін   оңтайлы жол дер едім.

Дегенмен, әрбір жаңа қадамның тосырқаушылық, үрей, қала берді қорқыныш туғызатыны сияқты бұл мәселе де сыңаржақ пікірлер,сыни көзқарас, наразылық туғызуы заңды. Әлеуметтік желілердегі көптеген пікірлерді сараптай келе, кереғар пікірлердің күңкіл, қаңқу сөздер , байбаламның  аз емес екеніне көз жеткізіп отырмыз. Сондықтан «жауырды жаба тоқымай» сыни пікірлер мен ескертулердің бәрін назардан тыс қалдырмай, ескергеніміз дұрыс. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді, бұл мәселені қоғамдық талқыға салып, түсіндіру, насихаттау қажет. Ең көп айтылатын уәждердің бірі жарыққа шығып қойған «миллионнан астам кітапқа кететін қыруар қаражат мәселесіне байланысты. Менің оған қоғам азаматы ретінде, ұстаз ретінде, одан қала берді ана ретінде қарсы қояр уәжім- келер ұрпақтың біліміне жұмсалатын қаржы –ол ең пайдалы, орнына мыңдаған есе қайтып келетін инвестиция.

Бұл орайда бізді ойландыратын маңыздырақ мәселе -  40-50 бойы жинақталған ескі жазуларымызбен  жазылған мәдени мұраларымызды, тарихымызды, рухани құндылықтарымызды жоғалтып алмай, келер ұрпаққа асыл мұра етіп қалдыру болуы тиіс.

Өзбек халқында бір сөз бар: «Шібіш сойса да қасапшыға сойғыз» деген. Сондықтан ендігі жерде Казақстан Ғылым Академиясының Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты ғалымдары ұсынып отырған «бір әріп бір дыбыс» принципіне негізделген қазақ әліпбиінің нұсқаларын басшылыққа ала отырып, қазақ тілінің дыбыстық және басқа да тілдік ерекшеліктерін дәлме дәл беретін, жазуға икемді, үйренуге жеңіл, қоғамда дау тудырмайтын оңтайлы әліпбиімізді жасап алу-кезек күттірмейтін мәселе.

Қалелова М., «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығының жетекшісі

 

Қазақ
× You found a Typo