Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Латын әліпбиіне көшу - өмірдің қажеттілігі

Елімізде латын графикасына көшу саяси жағынан да, ғылым-білім тұрғысынан да, заман талабына сай даму үшін де өте маңызды. Латын әліпбиіне көшу - өмірдің қажеттілігі, әлемдік бәсекеге қабілеттілік мәселесі. 

 Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласында: «... қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттілігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық»,-деді. Елбасының айтуынша, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды латын әліпбиімен басып шығара бастауымыз керек. Сондықтан дайындық мәселесін жеделдету - кезек күттірмес міндет болып табылады.

Әліпби ауыстыру, бұл - ұлтымыздың тарихындағы ең маңызды оқиға болып табылады. Сондықтан осындай мемлекеттік маңызы бар іске үлкен жауапкершілікпен қарағанымыз жөн. Латын графикасын үйреніп алу аса қиындық туғыза қояды деп ойламаймын. Сондай-ақ,  бұл шараның қазақ тілінің дамуына, қолданысының кеңеюіне қосар үлесі де қомақты. Латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстанның түркі әлемімен байланысы одан әрі арта түседі. Еліміздің мемлекеттік мәртебесіне зор ықпал етеді.

Сонымен бірге шетелдерде тұратын қандастарымыз үшін өз атамекенімен қарым-қатынас жасауларын да жеңілдете түсер еді. Жалпы түрік халықтарымен бірге болудың бір үлкен жолы – ортақ әліпбиде жүру. Болашақта түрік халықтарының жазудағы бірлігі сақталатын болса, негізгі мақсаттарымыздың бірі орындалған болар еді. Тіпті, өзге ұлттардың да қазақ тілін оқуға, зерттеуге деген сұранысын туғызуы әбден мүмкін.

Қазіргі күні шығыстағы білім ордасы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті латын әліпбиіне көшуге бағытталған дайындық жұмыстарын бастап кетті. Арнайы филолог мамандардан тұратын жұмыс тобы құрылып, латын әліпбиінің маңызын, оның қажеттілігін халыққа насихаттауда.

А.Картаева,  

ф.ғ.д., ШҚМУ профессоры

Қазақ, орыс филологиясы және

журналистикасы кафедрасының меңгерушісі

Қазақ
× You found a Typo