Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Әлем әдебиетінің алтын қорына саяхат

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Қ.Т.Барбосынова «Шетел әдебиетінің тарихы» пәнінің кезекті сабағын О.Бөкей атындағы қалалық кітапханада өткізді.

Қай елдің болмасын ғасырлар қойнауынан, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы қашан да құнды. Әлем әдебиетінің інжу-маржандарымен жақынырақ танысу мақсатында Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының  3 курс, Журналистика мамандығының 2 курс студенттері оқу бағдарламасы бойынша өткізілетін пән негізінде қалалық кітапханада қызықты сабақ өткізді.

Шетел әдебиетіне қатысты қітапханадағы кітап қорын, электронды ресурстарды, фонотеканы, аудио – бейне жазбаларды пайдаланып, оқытушының түрлі практикалық тапсырмаларын орындады.

Сабақ барысында студенттер әлем әдебиетінің асыл мұрасы, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетінен алатын орны туралы әсерлі пікір айтып, түрік жазушысы Харун Токактың «Арал» әңгімесінің аудио нұсқасын тыңдап, әдеби компаративистика тұрғысынан талдау жасады. Этнограф ғалым А.Сейдімбектің әдебиеттану мәселелеріне қатысты сырлы сұхбатының бейнежазбасы көрсетілді.

Pecha Kucha, Team-pair-solo, Swot талдау әдістерін шебер пайдала жүргізілген қызықты сабақтан студенттер ерекше әсер алып, «кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының  алтын сандығы» деген ойға тағы да бір көз жеткізді.  Белгілі американ жазушысы Рэй Брэдбери: «Я получил образование в библиотеке. Совершенно бесплатно» деген екен. Мейлі әлемдік әдебиет болсын, мейлі дәстүрлі қашанда білімімізді шыңдап, ізденуден жалықпай оқи берген абзал.  Өйткені қазіргі қазақ қоғамының алдында жас ұрпақты кітапқа, білімділікке, ізденімпаздыққа баулу мақсат етіледі.

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы       

Қазақ
× You found a Typo