- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
25 қыркүйектен бастап С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Біліктілікті бекіту орталығында тұңғыш рет әлеуметтік қызметкерлерге арналған қашықтықтан оқыту курсы өтуде, ол 7 қазанға дейін жалғасады.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Риддер қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі және Мүмкіндігі шектеулі балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектерге және қарт азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Катонқарағай аумақтық орталығы арасындағы ынтымақтастық аясында әлеуметтік қызметкерлерге арналған қашықтықтан оқыту курсы өтті. Курсты педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының доценті, п.ғ.к. Гаян Губайдуллина жүргізуде.
Курс барысында «Мүмкіндігі шектеулі балалар және олардың отбасыларына күтім көрсету жөніндегі әлеуметтік жұмыстың теориясы және технологиясы», «Қарттар мен мүгедектерге және олардың отбасыларымен әлеуметтік жұмыстың теориясы мен технологиясы», «Психоневрологиялық ауруы бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге және қарттармен әлеуметтік жұмыс» бағдарламалары қамтылды.
Тыңдаушылар әлеуметтік жұмыстың әдіснамалық тәсілдерімен, тұрғындарды заңнамалық-нормативтік қорғау базасымен, әлеуметтік жұмыстың заманауи технологияларымен, мүгедек және психоневрологиялық аурулары бар балалар үшін қозғалмалы және дамыту ойындарын ұйымдастыру әдістерімен танысты.
Әлеуметтік жұмысқа, әлеуметтік-медициналық және психологиялық аспектілерге назар аударылды.
Біліктілікті бекіту орталығы