23.05.2018
Әлеуметтік қызметкерлерге арналған курс өтті
Мамырдың 2-нен 18-іне дейін ШҚМУ Біліктілікті бекіту орталығында Семей қаласындағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» және Риддер қаласындағы «Незабудка» әйелдерді қолдау орталығының әлеуметтік қызметкерлеріне арналған қашықтықтан оқыту курсы өтті.
Курсты педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының доценті Гаян Губайдуллина жүргізді.
Тыңдаушылар әлеуметтік жұмыстың әдіснамалық тәсілдерімен, тұрғындарды заңнамалық-нормативтік қорғау базасымен, әлеуметтік жұмыстың заманауи технологияларымен, мүгедек және психоневрологиялық аурулары бар балалар үшін қозғалмалы және дамыту ойындарын ұйымдастыру әдістерімен танысты.
Біліктілікті бекіту орталығы