Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Әлеуметтік серіктестер – ШҚМУ мен KAZ Minerals университеттің тұңғыш ректоры Е. Мәмбетқазиев атындағы оқу дәрісханасын ашты

ШҚМУ-дың тұңғыш ректоры, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың құрметті профессоры, химия ғылымының докторы, ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев атындағы жалпы химия дәрісханасының ашылу рәсімі 12 қыркүйекте өтті.

Ашылу ШҚМУ мен KAZ Minerals тобы арасындағы әлеуметтік серіктестік аясында өтті. Салтанатқа KAZ Minerals тобы қызметкерлерді басқару департаментінің директоры Paul Gahagan және KAZ Minerals компаниясының техникалық директоры Johan Barnard, сондай-ақ президенті Ережеп Мәмбетқазиев болып табылатын Қазақ-Америка еркін университетінің оқытушылары мен жетекшілері қатысты. ҚАЕУ-ден келген қонақтар қатарында АҚШ, Британия, Канада, Ресей, Германия, Түркия, Жапония, Ауғанстан, Нигерия, Испания, Украина және өзге елдерден келген әріпестер болды.

– KAZ Minerals Aktogay компаниясы тау-кен саласы үшін жас мамандарды дайындауға қатысуда. Бұл үшін облыста «Суперколледж» атты бірнеше жоба іске қосылған. Бөлінген қаржы сомасы – 535 миллион теңге. Аталмыш жоба түлектер біліктілігін арттырумен қатар, «өздері үшін» мамандарды алдын ала әзірлеуге арналған. Жаңа технологиямен жабдықталған Ақтоғай кен байыту кешеніндегі жұмыс арнайы дайындықты талап етеді. Компания оқу орындарымен бұл дайындықты алдын ала жүргізуге келісіп отыр.  

ШҚМУ-дың химия кафедрасында және Жоғары колледжінде 22,2 миллион теңгеге химиялық талдау лаборанттары үшін оқу сыныбы жабдықталған. Сонымен бірге, компания есебінен 6,1 миллион теңгеге колледжде оқитын студенттерге 15 грант бөлініп отыр. Олар оқуларын аяқтаған соң Ақтоғай кешенінде жұмыс істейді, – деп хабарлады KAZ Minerals компаниясында.

– Бүгін тағдыры ерекше жан – Ережеп Мәмбетқазиев атындағы дәрісхана ашылып отыр. Ол – отандық электр химиясы мектебінің іргесін салушы, Қазақ-Америка еркін университетінің президенті, ШҚМУ-дың алғашқы ректоры және негізін қалаушы, – деп хабарлады шараны жүргізушілер.

Дәрісхана қабырғасында Е. Мәмбетқазиевтің ұрпақ тәрбиесімен байланысты еңбек жолын көрсететін өмірбаяны ұсынылған. Сондай-ақ, Ережеп Әлқайырұлына арналған материалдар, кітаптар және оның өзі жазған еңбектер қойылған. Ал, «Тәуелсіз елдің 100 даңқты қоғам қайраткері» кітабында елдің жоғары мектеп жүйесін дамытуға үлкен үлес қосушы азамат ретінде Е. Мәмбетқазиевтің есімі жазылған-ды.

Дәрісхана жанынан заманауи құрал-жабдықтармен жарақталған зертхана да ашылып отыр.

Іс-шара аясында оқу орнында Е. Мәмбетқазиев туралы басылымдардың, оның өзі жазған кітаптардың, сонымен қатар 18-19 ғасырдағы оқулықтардың көрмесі ұйымдастырылды.

– Бүгін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да қуанышты оқиға. Біз Ережеп Әлқайырұлы Мәмбетқазиев атындағы кабинетті ашып отырмыз, осылайша біз тәуелсіз Қазақстандағы үшінші университеттің – оқу орнымыздың қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан адамға құрмет көрсетудеміз, – деді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген. – Ережеп Әлқайырұлы елімізде және өзге мемлекеттерде Қазақстандағы білім жүйесінің көшбасшысы, керемет ұйымдастырушы, ғылыми көрегендігі бар тұлға ретінде танымал. Университет ректоры бола жүріп ол ШҚМУ мен шетел жоғары оқу орындары, өндіріс орындары, кәсіпкерлер арасындағы серіктесіктің негізін қалады. Осы жылдар ішінде Ережеп Әлқайырұлы атқарған істер ауқымды – елдің Шығысындағы тұңғыш университет, министр лауазымындағы білім беру реформасы, халықаралық деңгейдегі алғашқы университет, депутат, қаланың құрметті азаматы ретіндегі қоғамдық қызмет.

Ректордың айтуынша, университет Ережеп Әлқайырұлы негізін қалаған «ғылым мен өндіріс байланысы» ұстанымын сақтай отырып, облыстағы кәсіпорындармен серіктестік қарым-қатынастарды дамытуда.

– Бүгінде біздің әлеуметтік серіктесіміз – «Казминералс» компаниясы университет Жоғары колледжі мен химия кафедрасы базасында мамандар дайындау туралы шешім қабылдап отыр. Осы мақсатта зертахана жабдықталып, оқу дәрісханасы ашылды. Біз компания басшылығына қолдауы және өңірімізге арнап кәсіби мамандарды дайындауға мүдделестік танытқаны үшін алғыс білдіреміз! – деп атап өтті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген. 

Өз сөзінде Е. Мәмбетқазиев бұрынғы және қазіргі әріптестеріне шынайы ризашылығын білдіріп, оқу орнына толағай табыстар тіледі.

Фото  https://cloud.mail.ru/public/4vA5/2zQCYJHtm 

Баспасөз қызметі

 

 

 

Қазақ
× You found a Typo