С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Әлеуметтік табыс мектебінде 27 жасында Forbes Kazakhstan-ның «30 жастан кіші 30» рейтингіне енген Ержан Наурызбаевпен онлайн режимде кездесу өтті.
Ержан Наурызбаев – IT-технологиялар, стартаптарды құру және дамыту, инвесторларды іздеу саласының маманы. Бұл жетістікке жету үшін оған АҚШ-та алған білімі және нағыз кәсіпқой болуға деген ұмтылысы көмектесті.
Онлайн-кездесуде Ержан тарих пен саясаттануға қызығушылық танытып, қоғамдық қызметпен айналысатынын айтты.
Кездесуге С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ғана емес, сонымен қатар Жетісу мемлекеттік университетінің де 40-тан астам студенті, магистранты мен докторанты қатысты.
Студенттер сұрақтар қойып, жастарды жаһандық бизнес-ортада алға жылжыту жағдайларына, жеке өсу үшін әлеуметтік және коммуникативтік дағдылардың рөлі мен мәніне, сондай-ақ еліміздегі шағын және орта бизнестің дамуына ықпал ететін жағдайларға қызығушылық танытты.
«Әлеуметтік табыс мектебі» жобасын «Алтайтану» ҒЗО «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде биыл іске қосты.
Бұл жобаның мақсаты – студенттерді табысты адамдармен таныстыру, олардың өмір жолы қоғамнан лайықты орын алғысы келетін, өз еліне және айналасындағы адамдарға пайда әкелгісі келетін кез келген адам үшін керемет уәждеме бола алады.
Жоба авторлары оны жүзеге асыру прагматизм, ашық сана сияқты жеке қасиеттерді дамытуға үлес қосады және жастардың бәсекеге қабілетті болуына көмектеседі деп үміттенеді.
Ашық көздерден алынған фотосуреттер пайдаланылды
«Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы