С.Аманжолов атындағы ШҚМУ еріктілері Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, әлеуметтік желілерде «Бірлігіміз жарасқан» акциясын ұйымдастырды.
– Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастық. Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың, бір тудың астынан табылып, бүгінгідей еңселі ел, іргелі мемлекет атануымыз – халқымыздың жетістігі. Сол себебті, 1-мамыр – ел бірлігін, достығын, ынтымағын айқындайтын ерекше мереке. Бүгінде елімізде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде.
Бір шаңырақ астында 125-тен астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп келеді, – дейді университет еріктілері.
Университет еріктілері «Бірлігіміз жарасқан» акциясы шеңберінде ұлттар достығы мен бірлігіне арналып айтылған ұлы адамдардың ойлары, нақыл сөздерін әлеуметтік желілерде жариялады. Акцияға мыңнан астам студент қатысты.
Назым Аманжолова,
идеялық тәрбие жұмысы жөніндегі маман