Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымы А. Ерментаева ШҚУ-дағы конференцияда сөз сөйледі

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Психология» мамандығы ашылуының 30 жылдығына орай Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының ғылыми және шығармашылық апталығы жарияланды.  

Апталық аясында түрліше форматтағы ғылыми және іс-тәжірибелік талқы алаңдары ұйымдастырылуда. 15 сәуірде «Қазіргі психологиялық зерттеулер» дөңгелек үстелі өтті (ZOOM платформасы).

Аталған іс-шараның мақсаты – психология ғылымындағы заманауи шешімдерді, идеяларды, сондай-ақ отандық зерттеулердің қолданбалық  әлеуетін талқылау. Дөңгелек үстел барысында заманауи психология мәселелері мен бағыттары, әдіснамалық бағдарлардың кең аспектісі, жаңа ұғымдар талқыланды.

Дөңгелек үстелге Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Өскемен қалаларынан ғалымдар, психолог-оқытушылар, ізденушілер, докторанттар, магистранттар, практик-психологтар қатысты.

Іс-шараға психология ғылымдарының докторы, Гумилев атындағы ЕҰУ психология кафедрасының профессоры А.Р. Ерментаева шақырылды.

Ғалым психологияның әдіснамасы, трендтегі психологиялық зерттеулер мен концептуалды зерттеулер, ғалым-психологтардың кәсіпқойлығындағы өзіндік мәнерлер туралы баяндады. Гумилев атындағы ЕҰУ «Педагогика және психология» мамандығының докторанты А.Н. Қалжанова психология ғылымындағы жаңа «ассертивтілік» ұғымын  таныстырды.

Дөңгелек үстелге қатысушалар тек баяндалған ерекше ұстаным мен таным шеңберінде ғана емес, академиялық ойлау, айтылым, ақпарат ұсынысы түрғысында құнды ақпарат алғанын атап, осындай кездесулерді жиі өткізуді ұсынды.

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo