С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да дефектология мамандығының магистранттары педагогикалық іс-тәжірибеден өтті. Логопед және Дефектолог күндері аясында магистранттар дефектология мамандығының студенттерімен олимпиада өткізді.
Магистранттар олимпиада тапсырмаларын әзірлеп, бағалау ұстанымдары белгіледі, қорытындысын шығарды.
Олимпиада жеңімпазы 22 қарашада өтетін кафедраның үлкен іс-шарасында – дефектологиялық онкүндіктің қорытындысында №5 оқу ғимаратының акт залында жарияланады. Осы күні дефектология және психология мамандықтары бойынша оқитын студенттік топтар презентациялар ұсынады, қаланың озық психологтары мен дефектологтары шеберлік сабағын өткізеді.
Баспасөз қызметі