Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті Физика және технологиялар кафедрасына Люблин университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Олександр Погребняк келді. Ол «Металдар мен құймалар бетін модификациялаудың заманауи технологиялары және әдістері» тақырыбында дәрістер оқитын болады.
4 қазанда ғалым дәріс оқып, тыңдаушыларға өзінің ғылыми зерттемелері және олардың нәтижелері туралы мәлімет берді. Дәрістер курсы – 2 апта.
Олександр Дмитриевич кафедра докторанттары, аға оқытушылар Римма Сәкенованың және Ләззат Баймолданованың шетелдік ғылыми жетекшісі болып табылады.
Баспасөз қызметі