Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Магистранттар Алтай мемлекеттік педагогикалық университетінде

29 мамыры мен 7 маусымы аралығында біз  Ресей  Федерациясы,  Барнаул  қаласындағы Алтай мемлекеттік педагогикалық университетінде  тағылымдамадан  өттік

Бізді халықаралық істер бөлімінің бастығы Денис Павлович қарсы алды. Ол бізді кураторымыз И.В.Григорич және тағылымдама жетекшісі  Е.В.Балакинамен таныстырып, кездесу ұйымдастырды.

Келген күні белгіленген жоспар бойынша барлық магистранттармен университетке экскурсия жасадық. Мәдени іс-шара аясында АлтМПУ тарихи-өлкетану мұражайына бардық. Экскурсияны тарихшы В.Б.Барадаев жүргізді. Ол тарихи-этнографиялық экспедиция материалдарымен таныстырды.

Сонымен қатар әр күн сайын университет кітапханасында өзіміздің магистрлік диссертация тақырыбымызға байланысты көптеген мәліметтер іздеп, әдебиеттерді оңды қолдандық.

Оқыту бағдарламасы 13 дәріс пен сабақты құрады. Университеттің білікті профессорларының қызықты әрі танымды дәрістерін тыңдадық. Лектор, п.ғ.к. Некрасова Е. В. «Становление жизненного пространства человека в условиях социальных изменений» тақырыбында дәріс оқыды, Мельникова Ю.А. «Статистическая обработка данных психологического исследования», Брылева О.А. «Глубинные изменения  современного детства и психолого-педагогические проблемы развития образования» тақырыптарында сабақ өткізді. Универсиет оқытушыларының көмегімен әлеуметтік-педагогикалық жобаландыру, әлеуметтік құзіреттіліктер диагностикасы, тиімді коммуникациялық дағдыны дамыту, сыни тұрғыдан ойлау және зорлық-зомбылыққа қарсы тұру мәселелерін қарастырдық.

Тағылымдама соңында бізге сертификаттар ұсынды. Бұл сертификат –біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесі.

Алғашқыда келген күннен бастап біз Барнаул қаласының көркемдігіне тамсандық. Университеттің оқытушылары бізді жылы шыраймен қарсы алып, өздерінің қонақжай халық екендігін көрсетті. Қатысып, тыңдалған барлық дәріс сабақтары өте қызықты, әрі пайдалы болды. Оқытушылардың қолданған оқыту әдіс тәсілдері өзінше терең, жан жақты, мәнді сипат берді. Біздің ойымызша мұндай тағылымдамадан өту – кез келген педагогика және психологияға қызыққан адам үшін үлкен тәжірибе. Он күн жаңа білім, жаңа достар және қызықты естеліктермен есте қалды.

 «Педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтарының магистранттары

Қазақ
× You found a Typo