- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
22-31 мамыр аралығында «Химия» мамандықтарының 1–ші оқу жылының магистранттары Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Металлургия» ғылыми – өндірістік кешенінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ғылыми тағылымдама барысында біз «Металлургия» ғылыми – өндірістік кешенінің меңгерушісі Н.А Куленованың жетекшілік етуімен аталмыш кешеннің жұмысымен танысып қана қоймай, кешен қызметкерлері және жоғары санатты инженерлері тарапынан 72 сағатқа созылған «Химиядағы ғылыми зерттеулердің әдіснамасы» атты дәрістер курсын тыңдадық.
Сонымен қатар ғылыми зерттеу кешеніндегі түрлі зертханалардың жұмыс жасау принціптері мен танысып, өсімдіктер мен кеннің құрамындағы кремнийдің мөлшерін анықтаудың тиімді әдістемесі таңдалды. Зерттеу нәтижелері ПЭ 5400-УФ спектрофотометрінің көмегімен алынып, QA 5400 бағдарламалық жүйесінде өңделді.
«Металлургия» ғылыми – өндірістік кешеніндегі тағылымдама бізге ғылыми – зерттеу жұмысына қажетті мәліметтер жинақтау мен дайындауға, ғылым мен техника дамуындағы заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктермен танысуға және ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерімен жұмыс жасауға мүмкіншілік туғызды.
Химия мамандықтарының магистранттары