Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Магистранттар Құлжа қаласына барып қайтты

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақ тілі мен әдебиеті, Филология: қазақ филологиясы мамандықтарының магистранттары аспан асты елі ҚХР-дың Құлжа қаласындағы білікті оқу орындарының бірі Іле педагогикалық институтынан ғылыми тағылымдамадан өтіп қайтты.

Тарихы терең, тағылымы мол, білігі биік, білімі терең оқу орны магистранттарды білім нәрімен сусындатып білігін арттырды. Білім нәрін іздеп барған магистранттарды филология факультетінің оқытушылары мен магистранттары қызу қарсы алды. Филология ғылымдарының докторы, профессор Сырайыл Ысқақұлы бастаған оқытушылар тобымен арнайы кездесу өтті.

Магистранттар тағылымдама барысында аталмыш оқу орнының оқыту жүйесімен танысып, магистранттарымен дөңгелек үстел өткізіп, тәжірибе алмасты. Ордалы оқу орнының білім қазынасы – кітапханасына саяхат жасап, ғылыми ізденіс жасады.

Білім сапарының соңғы күндерінде қаланың мәдени ошақтарын аралап, жергілікті жердің тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, мәдениетімен танысты.

Осылайша, магистранттар білім іздеп шыққан ғылыми сапарын сәтті аяқтады. 

Қазақ
× You found a Typo