- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
22-31 мамыры аралығында «Философия» мамандығы 1-ші оқу жылының магистранттары «ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығында» ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ғылыми тағылымдама барысында магистранттар ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің меңгерушісі Г.Б.Рыспаеваның жетекшілік етуімен аталмыш орталықтың жұмысымен танысып қана қоймай, орталық қызметкерлері және теологтары тарапынан 72 сағатқа созылған «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты» дәрістер курсын тыңдады.
Сонымен қатар магистранттар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ат салысты. Солардың бірі – «Шығыс-Қазақстан гуманитарлық колледжі» мен «Өскемен политехникaлық колледжі» студенттеріне «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты және елдегі бүгінгі діни ахуал» атты дәрістерді өткізу.
Тағылымдаманың басты қорытындысы магистранттар диссертациялық жұмыс тақырыптарына қажетті материалдарды жинақтады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі