Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Магистранттардың Вроцлав мемлекеттік университетіндегі (Польша) тағлымдамасы

1-10 маусым аралығында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша білім алып жатқан Сағымбекова Еркежан, Мәдениеттану мамандығының магистранты Қайратова Арайлым, Тарих мамандығының магистранты Ахмадиева Жанерке Вроцлав мемлекеттік университетінде (Польша) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ғылыми тағылымдамадан өту барысында магистранттар Вроцлав университетінің оқу жүйесімен, еуропалық білім берудің ерекшеліктерімен танысып, ғылыми зерттеулер саласында баға жетпес құнды тәжірибе жинақтай алды. Ғылыми тағылымдаманың бірінші күні университетпен танысудан, ректор қабылдауынан басталса, келесі күндері магистранттардың жеке жұмыс жоспарына сәйкес жалғасын тапты.
Магистранттар тағылымдама барысында доктор K.Kaminskaya-ның әлеуметтік педагогика, корпорациялық мәдениет және ұйымдастырудағы өзгерістер атты дәріс, семинарларына қатысты. Дәріс, семинарлардан бөлек қаланың тарихымен танысып, мұражайға саяхат жасады.
Өз білімдерін толықтыру мақсатында университет кітапханаларында жұмыс жасап, диссертация тақырыбына қатысты материал жинақтап қайтты. Сондай-ақ, педагогика институтында 6-8 маусым аралығында ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Carreer and life design interventions for sustainable development and decent work» атты халықаралық конференцияға қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Тағылымдама соңында магистранттарға сертификаттар табыс етілді.
Е. Сағымбекова, А. Қайратова, Ж. Ахмадиева

Қазақ
× You found a Typo