Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Магистранттарға қосымша академиялық кезеңді бітіру жөніндегі куәліктер табыс етілді

26 мамырында бейіндік бағыттағы магистратура түлектеріне қосымша академиялық кезеңді бітіру жөніндегі куәліктер табыс етілді. 2016-2017 оқу жылында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ қосымша академиялық кезең аясында 5 магистр білім алды.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес бейіндік магистратураны бітірген магистр, педагогикалық іс-тәжірибені өту және педагогикалық бейіндегі пәндер циклін меңгеру жағдайында ғана ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысуына болады.

Аталған цикл және педагогикалық іс-тәжірибе қосымша академиялық кезеңде меңгеріледі және аяқтаған соң негізгі дипломға белгіленген үлгідегі тиісті куәлік қоса беріледі.

Куәліктерді табыстау рәсіміне оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор И.В.Ровнякова, академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И.С.Стеблецова, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі бастығының міндетін атқарушы Б.З.Медеубаева, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің әдіскері А.Қ.Жунусова, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің маманы Г.Қ.Тарина қатысты.

Магистранттарға жақсы тілектер айтылды.

Сөз соңында түлектер курстың ұйымдастырылуына, педагогикалық және ғылыми қызметпен айналысуға берілген мүмкіндік үшін университет басшылығына, профессорлық-оқытушылық құрамға алғыстарын білдірді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo