Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Магистратура студенттері: шетелде тақырыпты талқылауға аса мән беріледі

ШҚМУ-дың 1 курс магистранттары Анастасия Колесникова және Гаухар Қуатова Адам Мицкевич атындағы университетте Erasmus+ бағдарламасы бойынша білім алуда. Және Польшадағы оқулары жөнінде айтып берді. 

С.Аманжолов ат. ШҚМУ «Экология және жаратылыстану ғылымдары» факультеті «Экология» мамандығы магистратурасының 1 курс студенті Куатова Гаухар Бакытбековнаның  Erasmus+ бағдарламасы бойынша А.Мицкевич ат. Университетіндегі (Познань, Польша) оқуы жөніндегі мақала.

Адам Мицкевич ат. Университет Польшадағы ірі ғылыми орталықтардың бірі болып саналады. Познань қаласымен қатар Гнезно, Калиш, Пиле және Слубице сынды қалаларында университет кампустары жұмыс атқаруда. Университетте 15 факультет бар және 39 982 студент оқиды.

Оқу ісін ұйымдастыру барысын ШҚМУ-мен салыстырғанда, айырмашылық өте көп. Польша жоғарғы оқу орындарында сабақ 1 қазанда басталып, оқу уақыты 5 жылдан тұрады. Университеттің USOSweb атты арнайы вебсайтында студенттер мен оқытушылар арасында қарым – қатынас орнатылып, оқу барысы онлайн түрде іске асады. Сол себепті сабақ басталмас бұрын, USOSweb-те тіркелуді талап етті. Оқутышылардың сабақ беру тәсілі де ерекше. Лекция жазғызудың орнына, олар студенттермен белгілі мәселені талқылауды, өзі емес студенттердің дұрыс әрі бұрыс ойын білдіргенін дұрыс көреді.

Шетелде оқу мүмкіндігі үшін С.Аманжолов ат. ШҚМУ әсіресе Халықаралық ынтымақтастық бөліміне үлкен рахмет!

С.Аманжолов ат. ШҚМУ магистратурасының 1 курс студенті Колесникова Анастасияның Erasmus+ бағдарламасы бойынша А.Мицкевич ат. Университетіндегіоқуы жөніндегі мақала

Осы жылы мен Erasmus+ бағдарламасы бойынша Польшаның Адам Мицкевич ат. Университетінде 1 семестр оқу мүмкіндігіне ие болдым.

Великопольское воеводствосының орталығы - Познань қаласы мемлекеттік аса ірі ғылыми орталықтарының бірі болып есептеледі. Польшадағы студенттер саны бойынша 3 орынға ие А.Мицкевич ат. Университет тек Польшаның ғана емес, шетел талапкерлерінің назарында. Университет тарихы 400 жылға созылып, жалғасып келеді. Тек 1519 жылы Адам Мицкевич атымен аталды.

Университет инфраструктурасы жоғары дәрежеде. 15 факультеттен тұрады. Бакалавр дәрежесін поляк, ағылшын және неміс тілдерінде оқи аласыз. Мен таң қалдырған - ол сабақ тізбесін қалаған пәндерден өзің құрастыра аласың. Және де сабақтар лекция, семинарлармен қатар USOSweb атты арнайы вебсайтында да жүреді. Познаньға келісімен USOSweb-те тіркелдік.

А.Мицкевич университетінде оқу мүмкіндігін ұсынған үшін С.Аманжолов ат. ШҚМУ әсіресе Халықаралық ынтымақтастық бөліміне үлкен рахмет!

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

 

Қазақ
× You found a Typo