Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Мағжантанушы ғалым Бақыткамал Қанарбаева кездесу өтті

Филология мен журналистика мамандығының студенттері мағжантанушы, филология ғылымдарының кандидаты, Қайнар университетінің профессоры Бақыткамал Қанарбаевамен кездесті.

Мейман өмір жолындағы қиыны мен қызығы қатар жүрген естеліктерімен бөлісті. Қанипа Бітібаеваның шәкірті екенін мақтанышпен айта келе, «ол кісі болмаса, мен мүмкін әнші болып, эстрадаға кетер едім» деді.

Алматыдағы қызықты студенттік жылдарын еске алды. Ұстазы академик Рымғали Нұрғалиевтің «мына студенттен сыншы шығады» деген бір ауыз сөзі өзінің ғылым бағытына түсуіне әсер еткенін айтты. Ғылым жолындағы қиындықтарымен бөлісіп, «ғылымның ешкімге оңайшылықпен келмейтінін, табанды еңбек пен темірдей төзімнің арқасында игеруге болатынын» жеткізді.

Мағжантанудың қат-қабат тереңіне бойлаған Бақыткамал Қанарбаева Мағжан Жұмабаевтың зертелмеген беймәлім тұстарын ашқан. Символизмді алғаш зерттеген жан ғылым жолында үлкен тәжірибе түйген екен. Кездесу ғылыми-теориялық жағынан мазмұнды, әрі студенттерге тәрбиелік жағынан тағылымды болды.

Әділ Әуезханов,

журналистика мамандығының 3 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo