Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

МАК төрағалары маман даярлауды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасады

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кеңесінің шешімімен бакалавриат, магистратура, докторантура мамандықтары бойынша мемлекеттік аттестациялық комиссия төрағаларының есептері бекітілді.

Мемлекеттік емтиханға және диплом жұмыстарын, магистрлік жобаларды қорғауға бакалавриаттың 1391 студенті (42 мамандық),  магистратураның 221 (28 мамандық), докторантураның 1 білім алушысы (бір мамандық) жіберілді, МАК-тың 462 отырысы өтті.

МАК төрағалары есептерінде маман даярлауды одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар берілген. Атап айтсақ, жұмыстар тақырыптарын нақтылау, сұранысы жоғары, өзекті тақырыптарды іріктеу, жаңа әдебиеттерді пайдалану, дипломдық жұмыстар мен диссертацияларды серіктес кәсіпорындарда қорғау сынды ұсыныстар жазылған.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo