Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Малкольм Пейтон: «ШҚМУ студенттері білімдар, оқуға құштар»

ШҚМУ-да тәуелсіз консультант, білім саласындағы халықаралық сарапшы Малкольм Пейтон (Британия) студенттер мен оқытушылар үшін тренингтер жүргізуде. Оған ағылшын тілін В1+ (CEFR бойынша) деңгейде және одан жоғары меңгерген педагогикалық мамандықтағы студенттер мен оқытушылар қатысуда.

Сарапшымен сұхбатты ұсынамыз.

- Пейтон мырза, тренинг тақырыбы қандай?

- Басты тақырып – білім берудегі көшбасшылық. Мысалы, мынадай тақырыптар – «Көшбасшылық пен менеджменттің айырмашылығы», «Оқытудағы көшбасшылық», «21 ғасырдағы оқыту».

- ШҚМУ-ға бірінші рет кеп тұрсыз ба? Әсеріңіз қандай?

- Иә, ШҚМУ-ға, Қазақстанға да бірінші рет кеп тұрмын. Екі күн Астанада болдым. Инфрақұрылымы жақсы екен, бәрі заманға сай. Студенттер білімді, білуге құштар, университеттегі білім деңгейі таң қалдырды. Көп елдерде болам, салыстыра айтып тұрмын.

- Қай елдерде жұмыс істедіңіз?

- Британия, Малайзия, Судан, Қатар, Пәкістан және өзге елдер. Мұндағы студенттер әлемдегі өзгерістерді сезінеді, жаңа технологиялар туралы біледі, бұл керемет қой! Студенттер туралы тек жақсы нәрселер айта аламын! Олар жауап бермес бұрын ойланады екен, маған осы ұнады. Тіпті жауапты білмесе де, белсенділік танытады.

Отаным Шотландияда мұғалімдер көп ойланады, Қазақстандағы оқытушылар да сондай екен, олар алдағы міндеттер туралы, білімді қалай жеткізу керек екені туралы ойланады.

Әсерлер туралы айтар болсам, көп аралап үлгермедім, бірақ байқағаным адамдар достық пейілде екен. Өзімді жайлы сезініп жүрмін.

- Әлемде қазір білім саласындағы қандай технологиялар қолданылады?

- Әр елде әртүрлі, бірлесе жұмыс істегенде интербелсенді тақтаны қолданады, жеке жұмыста өз гаджеттерін қолданады, Интернетке қосылады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo