Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Математика кафедрасы бірінші курс студенттерін қабылдады

Жаратылыстану ғылымдары және технология факультеті математика мамандығының жоғарғы курс студенттері бірінші курс студенттерін қабылдау шарасын өткізді.

Шараға факультет деканы Досым Ерболатұлы және кафедра ұжымы қатысты.

Білім ордамыздың босағасын енді аттап, рейтингтік апталарын аптыға өткізіп болған бірінші курс студенттеріне аға курстар өнер көрсетіп, жақсы көңіл-күй сыйлады. Шара соңында бауыр-қарындастарына білімнің шыңына шығыңдар деген тілектерін білдірді.

Математика кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Ерлан Ерғалиев студенттерге сынақ кітапшаларын табыстады. Сынақ кітапшасы осы университетің нағыз студенті болғанын білдіреді.

Ендеше жаңадан ортамызға қосылған студенттерге білікті маман болуларын тілейміз!

                              Математика мамандығының 3 курс студенттері

Қазақ
× You found a Typo