Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Математика кафедрасының оқытушылары мектеп түлектерімен онлайн кездесу өткізді

25 наурызда Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында Математика кафедрасы оқытушыларының облыс мектептерінің түлектерімен онлайн кездесуі өтті.

Талапкерлермен кездесудің мақсаты – мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу, саналы кәсіби таңдау жасауға психологиялық дайындығын қалыптастыру және мансапты жоспарлау саласында олардың құзыреттілігін арттыру.

Кездесу барысында ұйымдастырушылар университеттің білім беру бағдарламалары туралы құнды ақпаратпен бөлісіп, факультет буклеттерін көрсетті және оларды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді.

Кездесу соңында кафедра оқытушылары талапкерлерге алдағы ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсырып, қалаған мамандықтары бойынша грант иегері болуларына тілектестіктерін білдірді.

Математика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo