- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Математика кафедрасының ұжымы мен студенттері Ильясов Шарипхан Ильясовичті 80 жасқа толу мерейтойымен құттықтады.
80 жас туған күніңіз құтты болсын,
Өміріңіз шаттық пен нұрға толсын.
Қызықты күндеріңіз арайланып,
Көкірегіңіз күмбірлеген күйге толсын!
Нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Тіршіліктің қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз! - деп басталатын өлең жолдары көптеген ғылыми еңбектердің авторы, физика жəне математика ғылымдарының кандидаты, математика кафедрасының доценті Ильясов Шарипхан Ильясовичке арналды.
Кештің ашылуында математика кафедрасының меңгерушісі Мадияров Мұратхан Набенович пен физика және технологиялар кафедрасының меңгерушісі Бектасова Гүлсім Сафуановна туған күн иесін С.Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушыларының ұжымы атынан құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Құттықтау соңы студенттер әзірлеген «Ұстазым» əнімен басталған кішігірім концерттік қойылымдармен өз жалғасын тапты.
Кеш туған күн иесінің және қонақтардың көңілінен шығып, туған күн иесі зор алғыстарын білдірді.