Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Математика» және «Информатика» мамандықтарының магистрантары АлтМУ шетелдік тағлымдамадан өтті

28 мамырдан 6 маусым аралығында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Математика» және «Информатика» мамандықтарының магистранттары Алтай өлкесінің әсем әрі үлкен қалаларының бірі - Барнаулда, атап айтқанда, Алтай мемлекеттік университетінде шетелдік тағылымдамадан өтті.

Университет жайлы мәліметке тоқтала кетсек, АлтМУ-да оқу үрдісі 1973 жылдың қыркүйек айында басталды. Бүгінгі таңда университетте 12 факультет бар, олар: бұқаралық байланыс, филология және саясаттану, психология және педагогика, өнер, әлеуметтану, география, биология, химия, физика-техникалық, математика және ақпараттық технологиялар, заң, тарих және экономика, менеджмент және ақпараттық жүйелер.

Университет және оның оқытушылары бізді жылы қарсы алды және өте қонақжай екендіктерін көрсетті, ал тағылымдама жетекшісі т.ғ.д., профессор Оскорбин Н.М. университет бойынша экскурсия жүргізіп, оның даму тарихын баяндап берді. «Дискретті математикалық модельдер» атты курстың сабақтары қазіргі заманғы компьютерлермен жабдықталған дәрісханада өтті. Оқытушылар лекциялар мен семинарларды түсінікті, қызықты және ерекше түрде жүргізді, мұндай сабақтарда уақыт өте тиімді әрі жылдам өтетін еді.

Кітапхана барлық қажетті кітаптармен және журналдармен жабдықталған, әрқайсымыз өзіміздің диссертациямызға қажетті қандай да бір тың мәліметтерді таптық.

Қалада көптеген тарихи құрылымдар, ескерткіштер мен мұражайлар бар. Сабақтан кейін топпен Алтай мемлекеттік өлкетану мұражайын, әскери-тарихи бөлімді араладық. Соғыс кезіндегі тамаша экспонаттар. Хаттарды, ашық хаттарды, құжаттарды  көруге және оқуға болады. Отандық, азаматтық, ауған және шешен соғыстары кезіндегі шынайы заттар.

Тағылымдама кезінде т.ғ.д., профессор Оскорбин Н.М., т.ғ.к., доцент Пронь С.П. сияқты оқытушылар әрқайсымызбен жеке сабақ өткізіп, диссертациямыз бойынша сұрақтарға жауап беріп, кеңес берді. Соңғы күні бізге тағылымдамадан өткенімізді растайтын сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді. Бізге барлығы ұнағаны соншалық, тіпті, қоштасу өкінішті болды.

Бұл ғылыми тағылымдама біздің ғылыми-зерттеу жұмыстарымызға едәуір көмегін тигізді, дискреттік экономикалық үрдістерді математикалық модельдеу бойынша білімімізді тереңдетті, жинақталған әдебиеттер диссертация жазуға өте пайдалы болатындығы сөзсіз.

«Математика» және «Информатика» мамандықтарының магистранттары

Қазақ
× You found a Typo