Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Майя Бекбаева: «Жастарымыз тарихқа асқан қызығушылық танытып келеді...»

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Алаш» партиясының 100 жылдығына арналған Тәуелсіздік күні аясындағы «Нұрлы болашақ» қалалық жастар форумында жастардың танымал тележүргізуші Майя Бекбаевамен кездесуі өтті.

Майя Бекбаева – тележүргізуші, публицист, «Тайны. Судьбы. Имена», «Статус-столица», «Личная территория» бағдарламаларының авторы, ол аңыз адам туралы «Тайны, судьбы, имена – Алихан Бокейханов» фильмін ұсынды.

Тілшінің айтуынша, тарихи тұлғалар туралы көркем фильмдер түсіру жоспарында бар.

– Мен тарихшы ғалым емеспін, ғылыми дәрежем жоқ, мен – журналистпін. Басты міндетім осы тақырыпқа адамдардың басым бөлігін қызықтыру, оларды өз еліміздің тарихын ары қарай зерттеуге итермелеу деп санаймын. Жастарымыз тарихқа асқан қызығушылық танытып келеді, бұл жайт мені қатты қуантады, өйткені қазіргі заманның көптеген сұрақтарына жауапты өткеннен табуға болады. Біздің тарихымыз – ұлы тарих, өйткені оны ұлы тұлғалар жасаған, олар үшін ең бастысы ұлт пен мемлекет мүддесі болатын. Олардың армандары асқақ, жүректері қайратты болды. Олар өз өмірлерін ортақ мұрат, арман үшін пида еткен нағыз батырлар еді ғой, – деді Майя Бекбаева.

Фильмнен соң Майя Бекбаева жастардың сұрақтарына жауап беріп, олармен естелік суретке түсті.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo