ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің грамоталарын Психология, педагогика және мәдениет факультетінің оқытушылары – Музыкалық білім және АӘД кафедрасының профессоры Альмира Бекқазықызы Нұрғожина және Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры Василий Петрович Русанов алды.
Грамоталарды С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор М.Ә.Төлеген тапсырды.
Өз сөзінде А.Б. Нұрғожина университет басшылығына жұмыс жағдайлары мен шығармашылық жоспарларды іске асырудың жаңа мүмкіндіктері үшін ризашылығын білдірді.
Баспасөз қызметі