- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасының доценті Айнұр Рамазанованың ұйымдастыруымен заңтану мамандығының 3 курс студенттері қатысқан «Татуластыру рәсімдері. Медиация» ашық сабағы өтті.
Сабақтың нысаны – кейс-стади. Заңгерлерге арналған бағыт бойынша студенттерге іс фабуласы, тақырыпқа қатысты нормативтік-құқықтық актілер тізімі мен көшірмелері, медиацияға арналған процессуалдық құжаттар, дәрістің қысқаша тезистері, әдебиеттер тізімі ұсынылды.
Зерттеу нәтижелері бойынша студенттер талқылау арқылы азаматтық-құқықтық мәселелерді шешуді, медиация үрдісін өткізуді, ұсынылған шешімдерді қарастырып, ең тиімдісін анықтауды үйренді, сондай-ақ топ мүшелерімен бірігіп жұмыс істеу қабілеттілігін дамытты.
Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасы