- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
22-ші ақпан күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары А.М.Абильмажина, Р.М.Жакупова, химия кафедрасының меңгерушісі Б.К. Шаихова, Өскемен қаласындағы №11 мектеп-гимназияның ұйымдастыруымен өткен «мектеп-ЖОО» Диалог алаңы іс-шарасына қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша бұл ЖОО өкілдерінің болашақ түлектермен жай ғана кездесуі емес, ең алдымен арадағы диалог.
Айта кету керек, кездесуде тек 11 сынып емес, 9-10 сынып оқушылары да болды. Шара барысында университеттің ашылу тарихы, факультеттер мен мамандықтар саны, академиялық ұтқырлық, Жоғарғы колледж туралы баяндалған университет туралы фильм көрсетілді.
Баспасөз қызметі