Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Мектеп оқушылары арасында информатика пәні бойынша облыстық онлайн олимпиада өтті

C.Аманжолов атындағы ШҚУ Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушылары онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы информатика пәні бойынша облыстық мектеп оқушылары арасында олимпиада өткізді.

Облыстық олимпиадаға Семей қаласының №1, №18, №19, № №22, №30, №33, №40, №49 орта мектептері, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия, Шақаман орта мектебі, Курчатов қаласының №1, №2 орта мектептері,  Шемонайха аудандарының №1 мектеп-гимназиясы, Алтай  қаласының №9 орта мектебі, Өскемен қаласының №1, №7, №18, №19, №39, №44 және дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп-лицей-интернаты, Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кенті Р. Мәрсеков атындағы орта мектептерінің оқушылары,  Базылбек Ахметов атындағы орта мектеп оқушылары, Аягөз ауданы бойынша Горный жалпы орта білім беретін мектептерінің 11 сынып оқушылары қатысты. Олимпиадаға қатысуға 60 оқушы тіркелді.

Олимпиаданың ашылу рәсімінде Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологияла» кафедрасының меңгерушісі Ж.З. Жантасова факультет кафедралары даярлайтын оқу бағдарламаларына тоқталып, білім алушыларға университеттің ұсынатын ресурстар, гранттар жайлы ақпарат берді.

Іс-шара барысында білім беру бағдарламалары жайлы бейнеролик көрсетілді.

Олимпиада екі кезеңмен ұйымдастырылды – Google бұлттық қызметтері арқылы тестілеу және әділ қазылар алдында ZOOM платформасы арқылы «Болашақтағы электронды коммерция» тақырыбы  бойынша жоба қорғау.

1 кезеңнің нәтижесі бойынша 15 оқушысы екінші кезеңге өтті. 2 кезең бойынша қазылар алқасы оқушылардың жақсы дайындықтарын атап өтіп келесі орындарды берді.

Бас жүлдені Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті Р. Мәрсеков атындағы орта мектептің 11 сынып оқышысы Азамат Зарылқанов жеңіп алды (жетекшісі – Ахметқалиева Ардақ Болатқызы), I орынды Өскемен қаласы №11 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Людмила Лихобабина (жетекшісі – Винокурова Ольга Юрьевна), IІ орынды Семей қаласы Қ. Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Диас Қабдуәлиев (жетекшісі – Нүркенов Естай), III орынды Семей қаласы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның 11 сынып оқушысы Арнұр Советқали (жетекшісі – Баяхметова Шынар), Семей қаласы №22 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Тахмина Марлен (жетекшісі – Тайтөлеуова Гүлнар Серікбекқызы), Өскемен қаласы О. Бөкей атындағы №44 лицейінің 11 сынып оқушысы Батырхан Кенетбаев (жетекшісі – Мырзахметова Назерке) иеленді.

Барлық жеңімпаздар мен номинация иегерлері дипломдармен, мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.

Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы 

 

Қазақ
× You found a Typo